ОСК депутат Аманжан Жамаловты тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты
"2017 жылдың 18 қаңтарында ҚР Орталық сайлау комиссиясында биыл 17 қаңтарда 365info.kz интернет-порталында жарияланған "Табысты" депутат Жамалов Қазақстан парламентінен қалдырылуы мүмкін" атты мақаласындағы дерек бойынша отырыс өтті", - делінген хабарламада.
ҚР ОСК мүшесі М.А.Сәрсембаевтың хабарламасы тыңдалғаны және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты А.М.Жамаловтың түсінігі тыңдалғаны хабарланғаны белгілі болды.
ҚР Конституциясының 52-бабының 6-тармағына сәйкес, ҚР ОСК мүшелері М.А.Сәрсембаевақа және Л.Ж.Сүлейменовке тексеріс жүргізу және биыл 24 қаңтарда қорытынды жайында баяндау тапсырылды. ҚР ОСК-нің осы мәселе бойынша қаулысы қабылданған.
"ОСК – олар, барлығын тексереді, сосын ресми жауап береді", - деді тілшілерге Жамалов Парламенттің жалпы отырысы аяқталғаннан кейін.
Ал өз бизнесі туралы: "Иесі болуға тыйым салынған ба? Заң бойынша мен өз иелігімдегі сенімгерлік басқарумен, барлық жылжымайтын мүліктерімді өткізуім керек, мен мұны заң бойынша орындадым. Мұны растайтын құжаттар бүгін ОСК-ға бердім", - деді.
Естеріңізге сала кетсек, депутат ХҚКО-да кезекте тұрып қайтыс болған адам жайлы "C таким же успехом он мог умереть и дома" деп пікір білдіргені үшін басы дауға қалған еді. Сосын ол өз пікірін түсіндіріп, артынша кешірім сұраған болатын.
"The Qazaq Times"
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды