Қазақстандықтардың энергетика кәсіпорындары алдындағы қарызы 10 млрд теңгеден асады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшысы Сұңғат Есімханов мәлімдеді.
"Халық энергетика кәсіпорындарына 10 млрд теңгеден аса қарыз. Қарыздың көп бөлігі, яғни 3 млрд теңге Алматы қаласына тиесілі. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша да қарыз 3 млрд теңге шамасында. Қалған облыстарда қарыз бір айлық көлемде қалып отыр", - деді Есімханов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, қарыз көлемі жылу беру маусымы басталар кезде үнемі осындай деңгейде болады екен.
"Бізде жылу маусымы аяқталып, қайтадан басталғанға дейін жаздың үш айында қарыздардың деңгейі үнемі жоғары болып қалады. Өйткені энергия тұтынушылар қыс басталған кезде ғана төлем жасайды және қызметті ұсынғандарға талап қоя бастайды. Алдағы бір-екі айда бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендейді деп ойлаймын", - дейді Есімханов.
Айта кетейік, осы жылдың шілде айында Алматы қаласы тұрғындарының су мен жылу үшін қарызы 660 млн теңгеден асатыны туралы хабарланған. Сондай-ақ, коммуналдық қызмет үшін қарызы барларға кредит берілмеуі мүмкін екені айтылған еді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?