1 қазаннан бастап Ресейде экспортталатын мұнайға салынатын баж салығы 3,8 долларға көтеріліп, 87,9 долларға дейін жетеді. Қыркүйек айындағы есеп бойынша мұнай экспортының салығы тоннасына 84,1 доллар болған.
Ресейдің мұнай өнеркәсібіндегі салық маневрі аясында қабылданған жаңа есептеу формуласы бойынша шығыс Сібір, Каспий және Приразломное кен орындарында үшін шикі мұнайға арналған жеңілдетілген баж салығы нөлдік деңгейде қалды (нөлдік деңгей 2015 жылғы 1 ақпанда күшіне енген).
Тұтқырлығы жоғары мұнайға баж салығы 1 қазаннан бастап 12,9 доллардан 13,6 долларға дейін қымбаттайды. Пропиленнің тримерлері мен тетрамерлерінің тарифі 5,4 доллардан 5,7 долларға дейін өсті.
Сондай-ақ, 1 қазаннан бастап ақшыл мұнай өнімдері мен майларға баж салығы тоннасына 26,3 доллар (қыркүйекте 25,2 доллар), қара мұнай үшін тоннасына 87,9 доллар (қыркүйек айында 84,1 доллар) болады.
Бұдан бөлек, Ресей экспортталатын бензин өнімдеріне де баж салығын тоннасына 26,3 долларға дейін көтерді (қыркүйекте 25,2 доллар). Сұйытылған газға салық нөлдік деңгейде сақталды. Кокс бағасы 5,4 доллардан 5,7 долларға дейін қымбаттады.
Айта кетейік, Ресейдің мұнай нарығындағы бұл өзгеріс Қазақстанды айналып өтпесі анық. Себебі мемлекет Ресейдің қара алтын өнімдерін тұрақты тұтынушылардың бірі.