АҚШ шенеуніктерінің берген мәліметіне сенсек, Солтүстік Корея жыл сайын әскери оқу-жаттығуларға бөлінетін қаражатты қысқартқан. Бұл халықаралық санкциялардың елдің әскери қадамдарына әсер етіп жатқанын көрсетеді деп хабарлады «WSJ» басылымы.
Солтүстік Корея армия – әлемдегі ең үлкен армиялардың бірі. Құрама Штаттың ресми өкілдері және үкіметтен сырт сарапшылардың айтуынша, Солтүстік Кореяның қыста өтетін әскери жаттығуларының қарқыны баяу, көлемі де ауқымды емес. Бұған дейін КХДР әскери жаттығулары әр желдің желтоқсан айынан келесі жылдың наурыз айына дейін жалғасатын. Солтүстік Кореяның әскери жаттығуындағы бұл көрсеткіштің басты себебі БҰҰ бекіткен санкция деп есептейді, АҚШ өкілдері. Өңделген және шикі мұнай өнімдерінің кіруін айтарлықтай шектегеннен кейін елде құрлық және әуе жаттығуларын қысқартып, шекті мұнай өнімін үнемдеуге көшкен.
Солтүстік Корея ісі жөніндегі әскери сарапшылардың бірі Жозеф Бермудзенің айтуынша, әскери жаттығудың қысқаруы Солтүстік Кореяның нақты соғыс қуатына да әсер ететін болады. Себебі, әскерлердің соғыс қабілетін сақтап тұру үшін үнемі оқу-жаттығу жасату керек болады.
Дегенмен, АҚШ-тың өзге әскери сарапшылары бұл Солтүстік Корея әскери қуатын елеулі дәрежеде төмендетпейтінін ескертті. Сонымен бірге, қазірге дейін халықаралық санкциялардың КХДР ядролық бағдарламасы мен зымыран дамыту бағдарламаларына қалай әсер етіп жатқанын анық біле алмай отырғандарын алға тартты.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел