Қазақстандықтардың депозиттік ұйымдардағы салымдарының көлемі бір айда өзгермей (өсу 0,1%-ға), 2017 жылғы тамыздың соңында 17 651,3 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бас банктің мәліметінше, заңды тұлғалардың депозиттері 9 614,0 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға қысқарып, жеке тұлғалардың депозиттері 8 037,3 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға ұлғайған.
Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 8 765,1 млрд теңгені (бір айда 3,4%-ға қысқарды) құрады, шетел валютасындағы депозиттер 8 886,2 млрд теңгеге дейін 3,7%-ға ұлғайды. Долларлану деңгейі тамызда 50,3%-ды құрады.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2017 жылғы тамызда 3,6%-ға қысқарып, 5 288,7 млрд теңге болды, шетел валютасындағы депозиттері 4 325,4 млрд теңгеге дейін 2,7%-ға (заңды тұлғалар депозиттерінің 45,0%-ы) ұлғайды.
Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 3 476,5 млрд теңгеге дейін 3,1%-ға
төмендеді, шетел валютасымен депозиттер 4 560,8 млрд теңгеге дейін 4,7%-ға (жеке тұлғалар депозиттерінің 56,7%-ы) өсті.
Мерзімді депозиттер 12 333,3 млрд теңгеге дейін 2,7%-ға өсті. Олардың
құрылымында ұлттық валютамен салымдар 5 847,1 млрд теңге, шетел валютасымен салымдар 6 486,2 млрд теңге болды.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 8,0% (2016 жылғы желтоқсанда – 10,5%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 12,2% (12,2%) деңгейінде қалыптасты.
Айта кетейік, соңғы айда ұлттық валютаның теңгеге қатысты бағамы 2,7 пайызға әлсіреп, мұны Ұлттық банк халықтың шетел валютасына сұраныстың артып кетуімен түсіндірген еді.


















Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?