Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяның сутегі бомбасын сынақтан өткізуіне байланысты шұғыл кездесу өткізеді. Бұл туралы БҰҰ-ның америкалық миссиясының сайтында жарияланды.
Кездесуді өткізу туралы бастаманы АҚШ, Жапония, Франция, Ұлыбритания және Оңтүстік Корея сынды бірқатар ел қолдаған. Ұсынысты БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейл айтқан.
Шұғыл жиналыс бүгін Астана уақытымен кешкі 20:00 шамасында өтеді.
Айта кетейік, 3 қыркүйек күні Солтүстік Корея тағы бір ядролық сынақ өткізді. Сейсмологтардың мәліметінше, эпицентр қашықтығы 3670-5310 км болған және ядролық сынақ екпіні Солтүстік Корея Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония Қытай елді мекендеріне сезілген.
Оңтүстік Корея Парламенті қорғаныс жөніндегі комитетінің басшысы Ким Эн Удың мәліметінше, кеше КХДР сынақтан өткізген сутегі бомбасының қуаты 100 килотоннаны құрайды және бұл 1945 жылы жапониялық Нагасаки қаласына тасталған бомбадан 5 есеге қуатты. Еurosmi.ru басылымының жазуынша, Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде АҚШ Нагасакиге 20, Хиросимаға 13 килотонна ядролық бомба тастаған.
Ескеретін жайт, Солтүстік Корея осымен алтыншы рет ядролық жарылысты сынақтан өткізген. Бұдан бөлек мемлекет ай сайын баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізіп, әлем елдеріне қауіп төндіріп отыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?