Қазақстандықтар медициналық сақтандыруға қарамастан аурулардың кейбір түрлері бойынша тегін медициналық көмек алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Денсаулық сақтау министрлігі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету мақсатында әлеуметтік маңызы бар аурулардың және қоршаған ортаға қауіп келтіретін аурулардың тізімін бекітті. Аталған нормативті-құқықтық актіге сәйкес республиканың барлық азаматтары медициналық сақтандыруы бар-жоғына қарамастан, жоғарыда көрсетілген тізбедегі барлық ауруларға кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің шеңберінде медициналық қызмет алуға болады", - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Мәселен, тізімге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар ауруларға 13 ауру түрі кіреді. Олар:
- туберкулез;
- адам иммунитеті жетіспеушілігі салдарынан туындаған ауру және адам иммунитеті жетіспеушілігі вирусын тасымалдаушылар;
- В, С вирусты гепатиті;
- қатерлі жаңадан пайда болған өскіндер;
- қант диабеті;
- психиканың және жүріс-тұрыстың бұзылуы;
- балалардағы церебралды сал ауруы;
- миокард инфарктісі (алғашқы алты айда);
- ревматизм;
- дәнекер тіндердің жүйелі бұзылуы;
- орталық жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенеративті аурулары;
- орталық жүйке жүйесінің миелинсіздендіру аурулары;
- орфандық (сирек кездесетін) аурулар.
Ал қоршаған ортаға қауіп келтіретін аурулар тізіміне 16 ауру түрі кірді:
- адам иммунитеті жетіспеушілігі салдарынан туындаған ауру және адам иммунитеті жетіспеушілігі вирусын тасымалдаушылар;
- туберкулез;
- геморрагиялық қалтырау;
- дифтерия;
- менингококк инфекциясы;
- полиомиелит;
- психиканың және жүріс-тұрыстың бұзылуы;
- жыныстық жолмен берілетін инфекциялар;
- алапес;
- безгек;
- сібіржарасы (өкпедегі формасы);
- тырысқақ;
- оба;
- іш сүзегі;
- А вирустық гепатиті
- туляремия.
Министрліктің мәліметінше, 2016 жылы Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар аурулармен 508128 тұлға, сондай-ақ, қоршаған ортаға қауіп келтіретін аурулар тізіміне кіретін 134757 тұлға тіркелген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?