Жалпы, жаңа жүйе іске қосылған 2017 жылдың шілдесінен қаңтар айының соңына дейін түскен түсімдердің жалпы көлемі 38 млрд теңгені құрады.
Оның ішінде, 31,3 млрд теңге (82,4%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 6,7 млрд теңгеге жуық қаржы (шамамен 17,6%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Аумақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысы көш бастап келеді.
Айта кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосылаған. Бұл жүйенің қосылуына сарапшылар қарсылық танытқан еді. Сондай-ақ, енті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерге назар аударып, аталған жүйені енгізуге асықпауға шақырған еді.