Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 209 объектінің 116-сын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның ішінде 1 қыркүйек күні 20 мектеп пайдалануға берілмек. Аталған 209 инвестициялық жобаның іске асырылуына 64,9 млрд теңге жұмсалады.
Ведомство мәліметінше, құрылысы жоспарланған 209 нысанның 93-і 2018 жылға өтеді. Яғни 79 білім беру нысаны, 38 денсаулық сақтау нысаны, 1 әлеуметтік қамту, 3 спорт, 4 мәдениет, 1 ауыл шаруашылығы, 1 ішкі істер органның, 1 мұрағат, 2 абаттандыру, 1 қоршаған ортаны қорғау, 57 тұрғын үй және 21–инженерлік-коммуникациялық нысанның құрылысы жоспарланған.
Сондай-ақ, 34 нысанның жобалау сметалық құжаттамалдары әзірленуде. Бұл жұмыстарға 3,8 млрд теңге бағытталғалы отыр.