Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы өңірлік өнімнің өсімі алдын ала мәлімет бойынша өткен жылы 102 пайызды немесе 3 трлнтеңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 2,8 трлн теңге көлемінде болған, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәліметінше, облыс халқының жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көрсеткіші өткен жылы 989 мың теңгеге жеткен.

Сондай-ақ, жаһандық экономикадағы күрделі жағдайларға қарамастан 2017 жылдың қорытындысымен облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өсімі орын алған.

Бюджет көлемінде әлеуметтік салаға бағытталған шығыстар 2017 жылы 81,2 млрд теңгеге өсіп, 384,2 млрд. теңгеге жеткен. Бюджет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде орындауға бағытталған. Мысалы 48 пайызы, яғни 231,4 млрд теңге 2 522 мекемені күтіп-ұстауға, 44 пайызы еңбекақыға және 8 пайызы күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық нығайту шығындарына жұмсалған.

“The Qazaq Times”