Ирак әскерилері "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының жарылғыш заттар өндіретін зауытын жарып жіберді. Зауыт Мосул қаласының батыс бөлігінде орналасқан.
Соңғы 5 күнде Ирактың террористерге қарсы күрес жасағына 40 жихадшы өз еркімен берілген. Олар қаланың тарихи бөлігінде бір айға жуық уақыт қоршауда қалып қойған болатын. Сондай-ақ лаңкестердің қолына түскен Мосул қаласына іргелес Имам Гарби ауылы да азат етілді.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 10 шілдесі күні Ирактың Премьер-министрі Мосул қаласының террористердің қолынан қайтарылғаны туралы хабарлап, халықты жеңісімен құттықтаған еді.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?