Ирак Ұлттық қауіпсізік қызметінің баспасөз хатшысы Қасым Аражи мәлімдеме жасап, елдегі коалиция күштерінің әскери міндеті аяқталғанын айтты. Бұл туралы Ирактың ресми ақпарат агенттігі INA хабарлады.
Аражидің мәлімдеуінше, Ирак пен АҚШ басқарған халықаралық коалиция күштері арасында соңғы келіссөздер аяқтаған. Келіссөз бітіміне сай елдегі әскери міндеттерін аяқтап болған қарулы күштер елден шығарылмақ.
Сүрия жерінен әскерін кері шегіндірген АҚШ сонымен бір уақытта Ирактағы әскерін шығаруға да кіріскен еді. Алайда, Ирактан АҚШ әскерінің шығару процесі баяу жүрді. Осыған дейін Ирактағы Иран қолдауында деп айтылатын шиит күштері АҚШ әскери күштерін қарулы шабуылдың нысанасына алатынын мәлімдеген болатын.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді