 
                                    Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Asia Trafo» ЖШС-і қуаттылығы 110-120 кВт болатын жоғары кернеулі трансформатор шығаруды қолға алғалы отыр. 2016 жылдан бастап салына бастаған нысанды іске қосу жұмыстары 2018 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Тассай» индустриалды аймағында орналасқан құрылыс жобасының барысымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы танысып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
«Алдағы жылы зауыт іске қосылса, 220 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Бұл өте жақсы дүние. Ең бастысы – қазіргі таңда кәсіпорында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беруге болады. Сондықтан жұмысты жоспарлы түрде жүргізіп, зауытты ертерек іске қосуға мән берген жөн»,- деді Ж. Түймебаев.
Облыс баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпорын кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында жүзеге асырылып жатыр. Ал жоба құны 17,5 млрд теңгені құрайды. Зауыт жылына 120 трансформатор шығаруға қауқарлы.
Зауыт өнімдері Қазақстан мен ТМД елдерінің сұранасын қанағаттандырады деп күтілуде. Сонымен қатар «Asia Trafo» ЖШС өз өнімдерінің 50 пайызын ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.












 
                                                        





 Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
                                        Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
                                     ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
                                        ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
                                     Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
                                        Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
                                     Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
                                        Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
                                     Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
                                        Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
                                     Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды
                                        Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды