Иерусалим қаласында белгісіз адамдар полиция қызметкерлеріне оқ жаудырды деп хабарлайды ВВС ақпарат қызметі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, белгісіз үш адамдар Иерусалимның ескі қала бөлігіне кіретін қақпа маңында орналасқан полиция бекетіне оқ атып, артынша қашып кетпек болған. Бірақ полиция қызметкерлері олардың ізіне түсіп, тәртіп сақшыларымен атыс кезінде үшеуіде оққа ұшқан.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, көз жұмған үш адамнның денесінен тапаншалар мен пышақ табылған. Олардың кімдер екендігі жайында әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасалмаған.
2015 жылдан бері Израильде еврейлерге жергілікті арабтар мен палистиналықтар тарапынан жасалатын осыған ұқсас шабуылдар жиілеген. Соңғы екі жылда осындай шабуылдың салдарынан 42 еврей көз жұмған.
Ал 2015 пен 2017 жылдары аралығында Иерусалимде 240 палистиналық осындай шабуылдардан бақилық болған.
Палистиналықтар Иерусалим қаласының шығыс бөлігін өзінің болашақтағы астанасы деп есептейді. Ал Израиль Иерусалим екіге бөлінбейді, Иерусалим Израиль елінің заңды астанасы деп есептейді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?