Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Украинаға ресми іссапармен бармақ.
Тамыз айының 19-ы күні Израиль премьері Киевке ресми іссапармен барады. Нетаньяху Киевке Украина президенті Владимир Зеленскийдің шақыртуы бойынша ат басын бұрған.
«Мен қазір президент Зеленскийдің шақыртуымен Украинаға өте маңызды сапарға аттанып барамын. Изарильге Украинадан көшіп келген мыңдаған адам бар. Олар екі елді жалғап тұрған тірі күш және бұл байланыс жыл өткен сайын артып келеді» - деді Нетаньяху іссапар алдында журналистер алдында сөйлеген сөзінде.
Нетаньяхудың сөзінше, іссапар барысында таптар екі ел арасында еркін сауда аумағын құру, зейнетақы мәселелері жөнінде келіссөздер жүргізбек.
Бұған дейін БАҚ беттерінде Зеленскийдің Нетаньяхумен 19-шы тамыз күні кездесетіндігі жөнінде ақпарат тараған. Биньямин Нетаньяху Украинаға араға 20 жыл салып ресми іссапармен баруда.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?