Түркияның Премьер-министрі Бинали Йылдырым өткен жылдың шілде айында мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныстың орын алуына байланысты жарияланған төтенше жағдайдың аясында жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлердің аппеляциясын қарайтын арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.
NTV телеарнасының тікелей эфирінде сөз алған Бинали Йылдырым: "Біз төтенше жағдайға сәйкес, қызметінен қол үзіп қалған азаматтардың олардың істерін қайта қарап, байыбына бару үшін өтінім беруге жол ашып отырмыз. Осы жұмыспен тікелей айналысатын арнайы комиссия өтінімдерді қабылдауды 17 шілде күні бастайды", - деді.
Өткен жылы 16 шілдеге қараған түні Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынған топтың әрекеті сәтсіз аяқталды. Нәтижесінде, 240 түрік азаматтары көз жұмып, 2 мыңға жуық адам жараланған. Осы оқиғадан кейін 32 мың адам тұтқындалып, 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?