Ұлттық банк екінші деңгейлі банктер арқылы қазақстандықтарға 17 килограмм немесе 699 алтын құймасын сатқан.
Бас банктің мәліметінше, қазақстандықтар алтын құймаларын сатып алуға бір айдың ішінде 228 млн теңге жұмсаған. Айта кетейік, Ұлттық банк құнды металды сату жұмыстарын 2017 жылдың 31 мамырында бастаған.
"Әзірге көп уақыт өткен жоқ. сондықтан алдын ала қорытынды жасай алмаймыз, бірақ халықтың қызығушылығын бақылап отырмыз. Қазіргі уақытта 10 және 20 грамдық құймалар өтімді болып тұр", - дейді Ұлттық банк өкілдері.
Алтын құймаларын Халық, Еуразиялық және Цеснабанктен сатып алуға болады.
Реттеушінің түсіндіруінше, қаржы өнімінің бағасы Лондондағы құнды металл нарығына қатысушылардың қауымдастығы арқылы қойылған троя унциясына және теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамына байланысты белгіленеді.
Айта кетейік, маусым айынан бастап тазартылған алтынды сатып алу бағдарламасы іске қосылды. Екінші деңгейлі банктерден 10, 20, 50 және 100 грамдық алтын құймаларын сатып алуға болады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?