Ұлттық банк екінші деңгейлі банктер арқылы қазақстандықтарға 17 килограмм немесе 699 алтын құймасын сатқан. 

Бас банктің мәліметінше, қазақстандықтар алтын құймаларын сатып алуға бір айдың ішінде 228 млн теңге жұмсаған. Айта кетейік, Ұлттық банк құнды металды сату жұмыстарын 2017 жылдың 31 мамырында бастаған.

"Әзірге көп уақыт өткен жоқ. сондықтан алдын ала қорытынды жасай алмаймыз, бірақ халықтың қызығушылығын бақылап отырмыз. Қазіргі уақытта 10 және 20 грамдық құймалар өтімді болып тұр", - дейді Ұлттық банк өкілдері.

Алтын құймаларын Халық, Еуразиялық және Цеснабанктен сатып алуға болады.

Реттеушінің түсіндіруінше, қаржы өнімінің бағасы Лондондағы құнды металл нарығына қатысушылардың қауымдастығы арқылы қойылған троя унциясына және теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамына байланысты белгіленеді.

Айта кетейік, маусым айынан бастап тазартылған алтынды сатып алу бағдарламасы іске қосылды. Екінші деңгейлі банктерден 10, 20, 50 және 100 грамдық алтын құймаларын сатып алуға болады.

 “The Qazaq Times”