Ресейдегі Вологдалық мойынтірек зауыты мен "Ренессанс" құрылыс команиясы 14 мың өзбекстандыққа жұмыс ұсынды. Бұл туралы "Орталық Азия хабар қызметі" жазды.
Өзбекстан Еңбек министрлігінің Сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттігі баспасөз қызметінің жетекшісі Карим Бахриевтің айтуынша, Вологдалық мойынтірек зауыты Өзбекстанның 2 мыңға жуық маманы мен жұмысшысын жалдайтын болды. 3 мамырда аталған зауыт директорының орынбасары Виктор Попов 200 өзбек азаматымен әңгімелесті.
Бұған қоса, 12 мың өзбек жұмысшысын ресейлік "Ренессанс" құрылыс компаниясы шақырып отыр.
Карим Бахриевтің айтуынша, өткен жылы Өзбекстан Еңбек министрлігінің өкілдері Ресейдің бірқатар аймақтарын аралап, бірнеше еңбек келісіміне қол қойып қайтқан.
4-5 сәуірде өзбек президенті Шавкат Мирзияевтің Ресейге мемлекеттік сапары кезінде 55 құжат қабылданды, солардың бірі өзбек азаматтарын Ресейде уақытша еңбек етуді ұйымдастыруға арналған.
“The Qazaq Times”


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?