27 сәуірге жоспарланған Еркін Европа Радиосы /Еркіндік радиосы (RFE/RL), "Азадлыг" газеті және Мейдан ТВ арнасын жабуға байланысты сот отырысы кейінге шегерілді.
Жоғарыда аталған БАҚ өкілдеріне: «Радикалды діни топтар және басқа да заңсыз iс-әрекеттердің қызметін насихаттау, сондай-ақ Әзірбайжан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге үгіттеу; деструктивті әлеуметтік тұрақтылықты бүлдіруге бағытталған іс-шаралар, азаматтық тәртіпсіздіктер ұйымдастыруды насихаттады» - деген айып тағылған.
Елдің Бас прокуратурасы Көлік, байланыс және жоғарғы техналогия министрлігіне сот арқылы радио, сайт және телеарнаны жабуды тапсырған. Ал министрлік бұл істі Электронды қауіпсіздік орталығына бағыттап отыр.
Оппозициялық басылымдар мен саясаткерлер биліктің бұл әрекетін сөз бостандығына қол сұғу деп бағалауда. Осы уақытқа дейін "Азадлыг" газетінің таралым санын азайту жайында іс қозғалған болатын.
Сот отырысы тергеу процесіндегі заңбұзушылықтарға байланысты 1 мамырға шегерілді.
The Qazaq Times