Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық соты Армения билігіне ескерту жасап, әзірбайжандарға бағытталған нәсілдік кемсітушіліктің алдын алуға шақырды. Бұл туралы Гаагадағы сот Әзірбайжан тарабының талап-арыздарын қарағаннан кейін шығарған уақытша шаралар туралы шешімінде айтылған.
Гагадағы сот Әзірбайжен мен Армения ортасындағы нәсілдік кемсітушілікке қатысты мәселені қарағаннан кейін Армения тарабынан «Әртүрлі нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның» бірқатар баптары бұзылғанын растады.
Сот Армения тарабынан әзірбайжандарға қарсы әлеуметтік желілерде нәсілдік кемсітушілік және қоқан-лоқы жасау әрекеттерін тоқтатуға шақырды. Сондай-ақ сот шешімінде нәсілдік кемсітушілік пен өшпенділікке бастайтын қылмысты әрекеттердің алтын алуды, кінәлілерді жазаға тартуды талап еткен.
Әзірбайжан делегациясы нәсілдік кесіту айыбымен қатар атысты тоқтату келісіміне қарамастан Армения тарабы әскери арандату әрекеттерін жасады деген айып таққан болатын. Гаагадағы сот бұл айыпқа қатысты ешқандай шешім шығармады. Екі тарапты бірдей қақтығысқа бастайтын әрекеттерден аулақ болуды ескертті.