НАСА-ның ресми өкілдерінің хабарлауынша, халықаралық зерттеу тобы Жердің көлеміндей жаңа мұз басқан ғаламшарды анықтады.
Зерттеушілердің айтуынша, табылған ғаламшар өзінің жүйесіндегі жұлдыздан дәл Жер мен Күннің арсындағыдай қашықтықта орналасқан.
Пасадендегі (Калифорния) НАСА-ның реактивті қозғалыс зертханасының қызметкері Йосси Шварцвальд (Yossi Shvartzvald): «Бұл мұзды ғаламшар микролинзалардың көмегімен анықталған аспан денелерінің қатарындағы ең кішісі болып отыр» - деген болатын.
Ғалымдардың пікірінше, бұл ғаламшарда өте суық болғандықтан тіршіліктің болуы екіталай. Өйткені, жүйедегі жұлдыз өте әлсіз.
НАСА ғалымдары бұл ғаламшарға OGLE-2016-BLG-1195Lb деген атау берді.
"The Qazaq Times"