Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Аймақтағы кейбір елдер Ирак пен Сүрияда жеңіліске ұшыраған лаңкестерді Ауғанстанға көшіру үшін осы елде бейберекеттік тудырып, қауіпсіздік және қоғамдық жүйесінің құрылымын әлсіретуді көздеуде» деп хабарлады "Фарс" баспасөзінің ресми сайты.
Әли Шамхани Ауғанстан президентінің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Ханиф Атмармен телефон арқылы сұхбатта Талибанның Балх уалаятындағы әскери базаға жасаған шабуылын айыптап, лаңкестік шабуылда қаза тапқандардың отбасыларының қайғысына ортақтастық білдіріп Иран ислам республикасының зардап шеккендерге кез келген көмек көрсетуге әзірлігін қуаттады.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Ауғанстан үкіметі, саяси топтары және халқының лаңкестік ағымдарға қатаң шара көрсетуі қажеттігін қуаттап: «Иран ислам республикасы мен Ауғанстанның барлау және қауіпсіздік бірлескен ынтымақтастықтарын жылдамдату екі елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын күшейтеді» деді.
Талибан тобының Балх уалаятының орталығы Мазаре Шарифтің маңында Ауғанстан армиясының әскери базасына жұма күні жасаған шабуыл салдарынан 150 ауған әскериі қаза тапқан.
"The Qazaq Times"