Қоршаған ортаны қорғау адамзаттың ортақ міндеті. Әлем бойынша белең алған жылыну процесі мұздықтардың еруіне әкелуде. Ауаның ластануын азайту үшін, жасыл желектердің маңызы зор. Біраз жылдардан бергі урбанизациялану қала маңына қоныстанушылардың санын күрт көбейтті. Сондықтан қалаға жақын орналасқан елді мекендерде ағаштардың оталып, ол жерлерге әр түрлі мақсаттарға пайдаланылатын құрылыстар салына бастады. Қазақстан бойынша бірнеше қаланы атауға болады, осылардың ішінде Алматы қаласының үлес салмағы үлкен.
2021 ж тамыз айындағы Қазақпараттың дерегі бойынша , сол кездегі қала әкімі Б.Сағынтаевтың қала халқының 2миллионға жеткенін хабарлаған болатын. Бұл соңғы кездегі демографиялық өсім мен урбанизацияның, сондай-ақ шеттен келген қандастардың қоныстануымен байланысты. Сәйкесінше қаланың ластануы да 15 есеге көп.
Ластанудың 15,5%-ы зауыттарға, 23,3%-ы қалааралық көлікке, 58,6%-ы автокөлікке тиесілі. Алматы қаласының ауасында жоғары температурада отынның жануы кезінде пайда болатын азот диоксиді басым. Оның негізгі көздері автокөлік қалдық газдары, ЖЭС ауаға зиянды шығарылымдары, қатты қалдықтарды жағу мен газдың жануы болып табылады. Қаланыңайналасына орналасқан ауылдарда тұрғын санының артуына байланысты жасыл желектер мен бұталар, ағаштар күреліп, тұрғын үйлер салынуда. Ластанған ауаның зардабын азайту үшін өсімдіктердің пайдасы көп екені айтпасада түсінікті. Соған қарамастан, оталып жатқан ағаштарды жиі көреміз.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму минстрінің 31.03.2020 N173 бұйрығындағы 1-тармақ, 3 қосымшасында:
3)”Ағаштарды кесуге рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін”делінген. Осы минстірліктің 23.02.2022 N101 бұйрығы бойынша 1-тарау жалпы ережелердің( бұл ережелер ҚР заңының 20 бабы, 23-15 тармақшасына сәйкес жасалған) 2-тармағында “Осы үлгілі қағидалардың негізінде жергілікті атқарушы органдар жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын әзірдейді” делінген.
Аталған үлгілі қағиданың (2) ережесі ағаштарды кесу “рұқсаттар және хабарламалар туралы” ҚР заңының 2-қосымшасының 159_тармағына сәйкес “уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу жөніндегі жұмыс” деп көрсетілген. Осы ережеге сай Талғар ауданы Қызыл-Қайрат елді мекендегі тұрғын үй салу мақсатындағы кесіліп жатқан ағаштар үшін құзырлы органдардың рұқсат қағазы бар ма екен, ол заң бойынша жүзеге асырылып отыр ма, осындай ағаш-бұталы жерлердің жеке меншікке сатылып кетуіне не себеп болды екен, бұлар қоршаған ортаға залалын тигізген жоқ па деген сұрақтар туындайды.
Жергілікті әкімдіктің иә болмаса жер қатынастарына қатысты орындардың бармақ басты, көз қыстымен тарқатылған (Саудаланған) жерлері қоршаған ортаның қағидасын өрескел бұзуда. Үй салуға арналған жер телімдерін өсіп тұрған орманның арасынан емес басқа жерлерден берсе болар еді деген ойды айтқымыз келеді.
Нұрбәтима Байтұрсын
Талғар ауданы, Қызыл-қайрат ауылы