Күз айының ортасы ауру-сырқау көбейіп келе жатырған кезең. Бір күні бір күніне ұқсап, өтіп жатқан ауыл маңы. Айтарлықтай ешқандай қызықты сәттер жоқ. Әдетінше тағы бір таң атты. Күндегі сол бір тірлік қайтадан өз орындарымен бола бастады. Түс ауған шақта анам «қалаға кетеміз жинал»-деді. Іліп алар киімдерімді жинап менде шықтым. Жол ұзақ болмаса да, адам мысын басарлықтай еді. Көлікке отыра салысымен ауылдың күйбең тірлігінен босаған қол-аяғымыз қалықтап ұшып жүрген мамықтай болды. Анам әдетінші пырылға басты. Ал,мен болсам дөңгелек әлемге, төртбұрышты әйнектен қарап тамсанып келе жатыр едім. Кеңет дөңгеленіп келе жатырған жерде айналып келген аспан да кілт тоқтай қалды. Сол кезде анашым да ұйқысынан оянды да «Бесікте тербетілген сәбидей болып жатыр едім. Не болып қалды? , Неге кідірдің?»,-деген сұрақтарын жаудырды келіп. Жүргізуші болса «апа, қазір қарайын өзім де білмедім не болғаның»,-деді де сыртқа шығып кетті. Артынша бізде машинадан түстік. Сөйтсек кішкентай марғау көліктің оң жақ дөңгелегіне кептеліп қалыпты. Барлығымыз аң-таңбыз. «Қайдан шыға қалған, мен байқамадым ғой өтіп бара жатырғаның»,-деп ақталу да жүргізуші. «Әлі дем алып жатыр, қала болса алыс, жақын жерде үйде көрінбейді өліп қалатын болды-ау»,- деп мен тұрмын шырылдап. Содан марғауды машинадағы төсемге орап біздің қасымызға алып алдық. Көрер күні бар екен ғой қалаға жеткенше  тірі болды. Шаһарға кірген бойда жануарларды қорғау орталығына тарттық. Жұмыс күні,уақытты болғанымен. Тірі жан таппадық. Сұрастыра келе барлық қызыметкерлер карантин де жатқанын жануарлардан вирус шыққанын білдік. Бізді де қамаптастамай тұрып бұл жерден кетуіміз керек деп ұйғардық. Бірақ марғауды тастауға қимадық. Анама  айтып өзімізбен бірге алып жүрдік. Қалада өз үйіміз бар еді, біз жоқ кезде қаңырап бос қалатын. Барған бойда үйді жинап, жуып тазалап, марғауға арнап бір орын дайындадым. Анам болса тамақтың қамына кіріскен болатын. Ертесіне марғау ауыруына шыдай алмай мәңгілік мекенге кетіп қалды. Оны үй артындағы теректің астына  қойдық. Сол күні тәбетімде болмады. Екі күн өткен соң өзім де қатты ауырдым. Дәрігерлер мені «вирус жұқтырған»,- деп өздерімен алып кетті. Ал, анамды карантинге үй қамаққа жапты. Мен міне содан бері бесінші күн жан-жағым қоршалған қабырғадан әрі шықпағаныма. Мені қарауға келген дәрігерлер аппақ болып оранып келіп, маған алыстан тұрып сөйлейді. Дәрілермен ғана мені тірі ұстап тұрғандай төбемнен барлығын үйіп қойыпты. Тұмсығымда да бір нәрсе тұр екен. Осыдан бастап ұзын әрі қараңғы, тұманды ұзақ жолдың үстін де жүргендей сезім де көзім жұмылды.

Қаламқас Бисенғалиқызы