Ресей Азов теңізінің жағасындағы Мариуполь порт шаһарын түгелге жуық бақылауға алғанын айтып жатыр. Бірақ, Мариупольде әлі қарсылық көрсетіп, соңғына дейін соғысуға бекінген украиналық жауынгерлер бар. «Азов батальоны» деп аталған бұл жауынгерлер қосыны қазыр қаладағы «Азовсталь» металл қорту зауытына бекінген, жауға тізе бүкпейтіндерін хабарлауда.
Мариуполь порт қаласын өзіне қарату Ресейдің қазіргі стратегиялық басты мақсаты. Себебі, бұл қаланы өз бақылауына алу Украинаның шығысы мен оңтүстік шығысына бақылау жүргізуге мол мүмкіндік жаратады. Мариупольді бақылауға алдық деген Ресейдің мәлімдемелерімен қатар Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль америкалық ABC арнасына сұхбат беріп: «Мариуполь құлаған жоқ. Ол жерде біздің құралды күштеріміз – жаунгерлеріміз бар. Олар соңына дейін ұрыс салады, олар Мариупольде», – деді.
Украина СІМ басшысы Кулебаның айтуынша Ресей Марупольді жермен жексен етуді шешіп отыр. Ал, Мариуполь қаласының жергілікті билік өкілінің BBC-ге берген мәліметінде қала тұрғындары жүріп-тұруға рұқсат алу үшін ұзын кезекке тұруы мүмкін екені, олардың ұялы телефондары тексерілуі, тіпті еркінен тыс Ресейге әкетілуі мүмкін екенін айтқан.
Түрлі ақпарат көздеріндегі мәліметтерге және Sybilline сараптамалық компаниясының деректеріне сүйене отырып, қазір Мариупольде Ресей күштеріне бағынбай соғысып жатқан украиналық сарбаздардың саны 500-800 айналасында деуге болады. Аталған компанияның сарапшысы Жастин Крамп BBC тілішісіне берген жауабында, Мариупольдегі украиналық жауынгерлер әлі де көпке шыдай алатынын айтады, олар ядролық соққыға қарсы бункерден, түрлі жасырын жолдарды пайдалана отырып уақытты ұзартуға мүмкіндігі бар.
Қазір сыртқы әлем Мариупольдегі бейбіт тұрғындардан көбірек алаңдайды. Себебі, көптен бері қаладан ауқымды эвокуация болған жоқ, Ресей тарабы жаралылар мен бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға дәліз қалдырарын айтқанымен, практикалық тұрғыда бұл іске асып жатқан жоқ.