Ауыр санкция жағдайында отырған Ресей Қытайдан әскери және өзге де көмек сұрағаны туралы мәліметтер таралуда. Бұның мәні Қытайдың бұған дейін ұстанған «бейтараптылық» ұстанымын өзгертуі мүмкін бе деген сұраққа ілесе ақпарат құралдары баса назар аударып отыр. Ресейдің Қытайдан көмек сұрағаны туралы алғашқы мәліметті АҚШ ресмилері ақпарат құралдарына мәлімеді. Америкалық ақпарат құралдары мәліметті растау үшін сол елдегі Қытай сұрастырған, олар мұндай мәліметтен хабары жоқ екенін айтқан.
Ресей-Украина соғысына қатысты Қытай «теңорта» саясатын ұстанып келді. Ресейдің әрекетін «басып алу» немесе «шабуыл» деп атаған емес. Соның өзінде көп жағдайда Бейжің Мәскеуге қолдау көрсетіп тұрғаны айқындалған еді. Ал, Батыс санкциялары кезінде Бейжің Мәскеуді қолдап, әскери немесе өзге де көмек беруі бұл абсоютті түрде Ресейдің шабуыл әрекетін қолдаған болып саналады. Демек, Қытай үшін бұл шешуші жағдай деуге болады.
Аты-жөніні жасырған америкалық шенеуніктің мәліметінше, Мәскеу тарабы Қытайдан әскери жабдықтау бойынша, әсіресе ұшқышсыз ұшу құрылғыларын беру туралы өтініш жасаған.
АҚШ ресмилері Ресейге көмек беретін болса Қытай үшін бұның «салдары ауыр» болатынын, әрі Қытайдың өзі де санкциялық қысымға тап болатынын ескертіп жатыр.
Ең маңыздысы бұндай мәлімет пен ескерту Қытай-АҚШ ресмилерінің Римде өтетін кездесуінің алдында жасалып отыр. Бұл кездесу Уркианадағы соғыс басталғаннан бері Қытай мен АҚШ ресмилерінің алғашқы кездесуі және үстелдегі басты тақырып Украина мәселесі болмақ. Әйткенмен, қазірге дейін Бейжің бұл туралы ресми мәлімдеме таратқан жоқ және жауап та бермеді.
Бүгін, Ресей мен Украина арасында соғыс басталғаннан бергі төртінші реткі келіссөз өтеді. Путиннің баспасөз өкілі Дмитрий Песков кезекті диалог онлайн форматта өтетінін мәлімдеді. Келіссөзге Песковтың өзі де қатысады.