БҰҰ Бас ассамблеясының сәрсенбідегі отырысында Ресейдің Украинаға басып кіруін басым көп мүше елдердің дауыс беруімен айыптады. Әрі Халықаралық қауымдастық Ресейден Украина жеріндегі әскерді тез арада және толық шығарып кетуді талап етті.
Дауыс беруге 181 мүше ел қатысты (қауымдастыққа мүше елдердің жалпы саны 193), олардың 141-і Мәскеуге қарсы дауыс берсе, 35 ел қалыс қалып, Ресейді қоса алғанда 5 мемлекет қарсы дауыс берді. Ресейдің әскерін шығару туралы қаулыға қажетті үштен екі көпшілік дауыс қолдады.
Ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш журналистерге берген пікірінде: «Бас Ассамблеяның сигналы қатты және анық. Украинадағы соғыс қимылдарын қазір тоқтатыңыз, дәл қазір артиллерияны тыныштандырыңыз. Диалог пен дипломатияның есігін қазір ашыңыз, – деді Ресейге қарата.
Бас Ассамблеяның кезекті отырысында Еуропалық одақтың 27 мүше елі өзге елдердің Ресейге қарсы дауыс беруіне көбірек күш салды. Сондай-ақ, дауыс беру алдында АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Томас Гринфилд сөз сөйлеп қауымдастық мүшелеріне үндеу жасаған болатын. Ол үндеуінде: «Егер Біріккен Ұлттар Ұйымының қандай да бір мақсаты болса, ол соғысты болдырмау, соғысты айыптау және соғысты тоқтату. Бұл біздің бүгінгі міндетіміз», – деген еді.
Сонымен, БҰҰ резолюциясы Ресейдің 24 ақпанда Украинаға қарсы «арнайы әскери операция» жариялауын айыптайды және Мәскеуді БҰҰ жарғысын бұзды деп санайды.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Небензя ренішті мәлімдеме жасады. Фото: VOA
Бірақ, БҰҰ қаулысы Ресейді райынан қайтара алмайтыны байқалды. Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Василий Небензия дауыс беру алдында: «Біздің арнайы операциямыздың мақсаты БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес жарияланды және мақсат орындалады», - деді.
БҰҰ есебінше Украинада соғыс басталғалы бері елден 874 мың адам шетелге шығып кетті. Болжамдарға сәйкес елден 4-5 млн босқын Еуропа елдеріне өтуі мүмкін.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес