Украина әскерлері Харьков облысынан Ресей әскерлерін сүріп шығарғанын мәлімдеді. Аталған аймақта контр-шабуыл операциясын жүргізіп жатқан украиналық жаунгерлер Ресей шекара сызығына дейін жеткен бейне және фото мәліметтерін таратты.

Украина туына ұқсас көп және сары жолақты шекара қазығын қоршап тұрып президент Зеленскийге мәлімет беріп жатқан украиналық жаунгерлердің видео мәлімдемесі әлеуметтік желіде де тез тарады. Онда олар: «Құрметті президент мырза, біз жеттік, біз шекарада тұрмыз», – деп мәлімдейді.

Қазірше Украина қарулы күштері Харьков аймағы мен Ресей шакарасын толық тазартқан-тазартпағаны туралы анық мәлімет жоқ. Дегенмен, Шекара қазығына дейін жетіп, президентке мәлімет беру соғыстағы маңызды символдық мән алды. Бұл бір жағынан Украина азаматтары үшін соғыс жеңісіне деген үміттері мен сенімдерін күшейтті десе де болады.

Харьков – Украинаның екінші ірі қаласы. Соғыстың бастапқы кезеңінен тартып Ресей армиясы Харьковты қоршауға алды, алайда күшті қарсылықтан қалаға кіре алмады. Ресей күштері қаланы басып ала алмаса да, артиллериялық, зымыран және әуе шабуылдарымен аямай соққы берді. Соғыста ең ауыр зардап шеккен қалалардың бірі де Харьков болды, шаһардағы әлеуметтік маңызы бар ғимараттар дерлік соққы нысанасына алынды.

Айта кетейік, америкалық ISW орталығы 13 мамыр күні ресейлік күштер Харьковтен шегінуге шешім қабылдап жатқаны туралы болжамдарды жария еткен еді. Зерттеу орталығының есебінше, бұндай шешімге украиналық әскерлердің жеңісті контр-шабуылдары мен ресейлік күштердің қажетті көмекті ала алмағаны себеп болған.

The Qazaq Times