Fox News телеарнасы Билл О'Рейлиді Ресей президенті Владимир Путинге тіл тигізіп,  "қанішер" деп атағаны үшін жұмыстан шығаруы мүмкін. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады. 

Журналдағы жазылған ақпаратқа сәйкес, журналист жеке тұлғаға тіл тигізіп, оның ар-намысын сыйламағаны үшін жұмысынан айырылуы мүмкін. Ал сәуірдің басында  Fox News О'Рейлидің бұл ерсі қылығына шағымданған бес әйелге 13 миллион доллар айыппұл төлеген еді. Осыдан кейін америкалық қоғам белсенділері журналисті жұмыстан шығаруын талап еткен. Ал 11 сәуірден бастап Билл О'Рейли эфирге шықпаған.

Ақпан айында Билл АҚШ президенті Дональд Трамппен болған сұхбатында Владимир Путинді кінәлап, "қанішер" деп атаған болатын. Ал Кремльдегілер журналистің кешірім сұрап, өз ойынан бас тартады деп күткен.  Ал О'Рейли болса, кешірім сұрауға тек "2023 жылы дайын болатындығын" айтқан. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков күнтізбеден осы датаны белгілеп қойып, осы мәселеге қайта оралатындығын айтқан еді.

«The Qazaq Times»