Венесуэладағы парламент сайлауында қазіргі президент Николас Мадуроның партиясы жеңіске жетті. Бірақ оның жеңісін оппозиция мойындаған жоқ.
Мадуро одақтастарымен бірге 67,6%, ал оппозициялық блок бар болғаны 18% қана дауыс алған. Ал сайлауға халықтың 31%-і ғана қатысқан. Енді Мадуро парламенттегі басымдықты қайтарамыз деп құлшынып отыр. Бұл саяси додаға 27 оппозициялық партия бойкот жариялаған болатын. Мұндай бастаманы Мадуроға қарсы күштердің көшбасшысы Хуан Гуайдо көтерген. Батыс елдері де Венесуэладағы сайлау нәтижесін мойындаудан бас тартуда. Күні кеше Канада үкіметі Венесуэла Ұлттық Ассамблеясының депутаттарын сайлау нәтижелерін мойындамайды, өйткені сайлау процесі ашық әрі әділ өткен жоқ.
Сонымен қатар Николас Мадуро Ресей басшысы Владимир Путинге жексенбіде Боливар Республикасында өткен парламенттік сайлауға Ресейден келген бақылаушылардың қатысқаны үшін алғыс айтты.
Мадуро YouTube-тегі мәлімдемесінде: «Мен президент Владимир Путинге Венесуэладағы демократиялық процеске қызығушылық танытқаны үшін алғысымды білдіремін. Басқа мемлекеттердегі ірі оқиғалардың куәсі болу – нағыз державаға тән», – деді.
Венесуэла ұлттық Ассамблеясына Ресейден делегация келген. Делегация құрамында Мемлекеттік Думаның, Федерация Кеңесінің өкілдері, сондай-ақ Ресей СІМ-нің шет елдердегі сайлауды бақылау мәселелері жөніндегі елшісі Владимир Чуров болды.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы