Жамбыл облысындағы жойқын жарылыстан мерт болғандар қатары жоғалғандар есебінен тағы артты. Іздестіру жұмыстары негізінде иісшіл иттің көмегімен бір мәйіт табылған. Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қорғаныс министрлігінің саперлері оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапты. Оның жеке бас мәліметтері анықталып жатыр. Марқұмдар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Жоғалған екі адам іздестірілуде», – делінген ресми хабарламада.
Әкімдік өкілінің өңірдегі QT тілшісіне берген мәліметі бойынша, майор Саят Жанатұлы Әлімбековтің түсін әйелі танып, растаған. 36 жастағы тараздық азамат әскери бөлімнің техникалық жабдықтау бөлімінде командир орынбасары ретінде қызмет еткен.
26 тамыз кешкісін Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімі аумағында орналасқан оқ-дәрі сақталатын қоймада жарылыс болды. Соңғы ресми дерекке сай, төтенше оқиға салдарынан 14 адам қаза тауып, 100 шақты адам зардап шеккен.
Әскери бөлімнің түбіндегі Қайнар шағын ауылында 17 үйде 90-ға тарта тұрғын мекендейді. Аудан көлемінде 118 үй-нысан бүлінген. Аймақтағы атқарушы билік өкілдері екі ай мерзімде барлық материалдық және инфроқұрылым шығындарын қалыпқа келтіруге уәде берді.
Оқиға болған кезде хабар-ошарсыз кеткен екі адамды әлі іздеп жатыр. Оларды табу үшін кинолог, иісшіл иттер, саперлер, әскерилер, ТЖ мамандары, жалпы жиыны 40-тан аса техника, 180-дей адам жұмылдырылған.
Ондаған адамның өмірін жалмаған жойқын жарылысқа не себеп болғаны әлі белгісіз. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың топшылауынша, жарылысқа қоймада қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, я химиялық реакциямен өздігінен тууы немесе диверсия себеп болуы мүмкін.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы