Бүгін, 10 қаңтар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен жалпыұлттық аза тұту күні етіп белгіленді. 

Бұдан бұрын Ақорда елдегі ереуілдер мен жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адамның қаза болуына байланысты 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні етіп белгіленгенін мәлімдеген болатын.

Бүгін Республикамыздың жер-жерінде тулар төмен түсіріледі. Осы арқылы қаза болған бейбіт тұрғындарға, әскерилер мен құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетілмек.

Бұған дейін ресми мәліметтерде дүрбелең кезінде 160-тан адамның қаза тапқаны айтылған болатын.

The Qazaq Times