Қазақстанның ТЖМ таратқан соңғы ресми мәліметке қарағанда, Жамбылдағы жойқын жарылыстан қаза тапқандың саны 12-ге жеткен.
Өрт шығып, алапат жарылыс болған әскери бөлім аумағынан тағы 3 адамның мәйіті табылған.
«Жамбыл облысында болған төтенше жағдайдан көз жұмғандар қатары 12 адамға жетті. Оқиға орнында жарылыс салдарын жоюға жанталасып жүріп жан тапсырған 3 адамның денесі табылды. Марқұмдардың жеке дерегі анықталып жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.
Министрліктің 50-ге тарта қызметкері жараланған, із-түссіз жоғалғаны іздестіріліп жатыр. Апаттың кесірінен 98 адам жараланған, оның 28-і ауруханаға жатқызылған.
ІІМ мәліметінше, әскери бөлім орналасқан Байзақ ауданында өрт-жарылыс салдарын жою-тазалау жұмысы жалғасуда. Онда саперлер мен ит жетектеген кинолог мамандар да жұмылдырылған. Өндірістік және сауда орындары, тұрғын үйлер күзетіліп жатқан көрінеді. Ауданға барар жол жабылған, тек арнайы қызметтердің көліктеріне ғана кіріп-шығуға рұқсат етілген.
26 тамызда кешкісін сағат 19.10 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің қоймасынан өрт шығып, арты бірнеше дүркін алапат жарылысқа ұласқан. Бірінші жарылыстан кейін қоймадағы жалынды сөндіруге барған қауіпсіздік қызметкерлері екінші дүмпуде қаза тапты. Инфроқұрылымдар зақымдалып, тұрғындар зардап шекті. Жүздеген тұрғын үй-жайын тастап, эвакуация пункттеріне жайғастырылды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді