Президент Тоқаев Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізді. Президент жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Кеңеске үкімет басшысы, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі мен қорғаныс және төтенше жағдайлар министрлері, Тараздан бейнебайланыс форматында қатысты.
Тоқаев кеңесте апат жөнінде ведомствоаралық комиссия құруды тапсырды. Оны вице-премьер Роман Скляр басқарады. Марқұмдардың отбасыларын қорғау және зиян шеккен тұрғындарға көмек көрсетуге уәде берілді.
Комиссияға өрт пен жарылыстан келген шығынды бағалау, зардабын жою және зақымдалған инфрақұрылымды қалпына келтіру, сондай-ақ зиян шеккен тұрғындарды әлеуметтік қолдау міндеті артылды.
«Бірінші.... Төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құрылсын. Оны вице-премьер Роман Васильевич Скляр басқарады. Роман Васильевич, кездесуден кейін бірден Жамбыл облысына баруды тапсырамын. Оқиға орнында барлығын ұйымдастырыңыз. Екіншіден, марқұмдардың отбасын әлеуметтік қорғау және зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау керек. Үшіншіден, Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге кешенді медициналық көмек көрсетуі тиіс», – деді президент.
Түстен кейінгі Тараз қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашевтың ақпарат құралдарына берген мәліметіне қарағанда, 37 адам емделіп жатыр, оның 5-еуі реанимацияда. Жансақтау бөлімінде төсекке таңылған екі адамды қатты күйік шалған. Оларға Алматы қаласынан бір топ реаниматолог-дәрігерлер ұшып келген.
Жойқын жарылыстан 9 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Тағы қауіпсіздік қызметінің екі маманы із-түссіз жоғалып кеткен. Әзірге іздестіріліп жатыр.
Бас прокуратура мен ІІМ апаттың мән-жайын анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту үшін кешенді тергеу жүргізетіні хабарланды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді