Еліміз қиын әрі күрделі тарихи күндерді артта қалдырды. Бүгін, 11 қаңтарда өткен Мәжілістің кеңейтілген отырысы және соның қорытындысы осыны көрсеткендей болды. Онлайн жиында үкімет басшылығына Әлихан Смайылов келді. Президент Тоқаев бірқатар өзекті экономикалық-әлеуметтік мәселелер бойынша мәлімдемелер жасады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде сөз болған ең елеулі бастамалар мен өзгерістер ретінде мыналарды айтуға болады: «Самұрық-Қазын» қорына қатысты реформа жобасын әзірлеу; «Оператор РОП» компаниясының утильдік алым алуына шектеу қою; Қытаймен ең негізгі шекаралық өткен Қорғаныс кеден бекетін ретке келтіру және тағы басқалары.
Аталған тақырыптар қоғам өкілдері жағынан да ең бір қызу талқыланған және жылы қабылданған тақырыптар болды. Экономикалық-әлеуметтік дамудың кепілгері ретінде жаңа жобаларды жоспарлау, стратегия бекіту бойынша тапсырмалар берілуі кезекті отырыстың басты сипаты десек те болады.
Әрине, ел күткендей елдегі келеңсіздіктерге жауапты тұлғалар мен саяси топтар аталмады. Саяси құрлымдық өзгерістер, саяси реформалар туралы сөз етілмеді. Дегенмен, бүгінгі отырыс Тоқаевша айтқанда: «Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне кірген» кезеңдегі аса маңызды әрі тарихи отырыс деп атауға негіз бар.
Қоғамның жаңа бастамалардан үміті зор. Деседе, елдегі келеңсіздіктің қайталанбасы үшін түбірлі саяси өзгерісті күткен халықтың тілегі әлі жауапсыз күйде тұр.