Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс салдарынан қаза болғандар саны тоғызға жетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Министрлік таратқан соңғы ақпаратқа қарағанда, түстен кейін төрт адамның қаза болғаны анықталған. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр. Бұдан бөлек, төрт адам әлі із-түссіз.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі жарылыстан 5 адам мерт болғанын хабарлаған. Олар:
- Сержант Мешінбай Марат Сайлауұлы, 40 жаста;
- Ефрейтор Жанболатов Руслан Жүрсінбайұлы, 40 жаста;
- Әскери күзет қызметкері Далибаев Оразбек Дайрабекұлы, 52 жаста;
- Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры Арман Қапезов;
- Өрт сөндіру командасының бастығы, келісім-шарт қызметінің старшинасы Еркін Ерікбайұлы Нәдірбеков, 42 жаста.
Кеше, 26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданында Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімшенің қоймасынан өрт шығып, оқ-дәрі жарылған. Қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, 6 мәрте жарылыс болған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел