Жұма таңғы сағат 8.00-дегі дерек бойынша, Жамбыл облысында болған жойқын жарылыстан ауруханаға жеткізілген 66 адамның 28 емделіп жатыр. Оның алтауының жағдайы ауыр хәлде. Тағы төрт әскери қызметкер оқиға кезінде қаза тапқан.
Қорғаныс министрінің мәлімдеуінше, өрт сөндіру кезінде 4 әскери қызметкер қаза тапқан. Із-түссіз жоғалғандар да бар. Бұл жөнінде Ермекбаев алғашқы ресми брифингте хабарлады.
«Өрт сөндіру барысында 4 әскери қызметкердің қаза тапқанына көңіл айтамыз. Жараланғандардың тезірек сауығуын тілейміз» деді қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.
Марқұмдар:
- сержант Мешінбай Марат Сайлауұлы, 40 жаста;
- ефрейтор Жанболатов Руслан Жүрсінбайұлы, 40 жаста;
- әскери күзет қызметкері Далибаев Оразбек Дайрабекұлы, 52 жаста;
- оңтүстік өңірдің әскери прокуроры Арман Қапезов.
QT редакциясы марқұмдардың отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтады.
Жарылыс тоқтағанымен, өрт әлі толықтай сөндірілмеген.
Травматолог, нейрохирург, хирург, реаниматолог сияқты мамандардан тұратын 32 дәрігер мен 56 медқызметкер медициналық көмек көрсеткен. Оқиғаға байланысты жедел жәрдем қызметінің 34 бригадасы және авиация қызметінің 3 бригадасы жұмылдырылған. Қазір уақытша эвакуациялық пункттерді 171 тұрғын паналап отыр.
26 тамыз кешкісін сағат 19.10 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, арты ірілі-ұсақ ондаған жарылысқа ұласқан. Жүздеген тұрғынның кейбірі өз бетінше, тағы бір бөлігі қауіпсіздік қызметтерінің көмегімен эвакуацияланған.
2019 жылғы 24 маусымда Арыс қаласында болған жарылыста да кейінгі салдарын қоса есептегенде 5 адам көз жұмған еді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы