Алматы қаласында карантиндік іс-шаралар жеңілдетілмек. Мұндай шешім Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.
«Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік іс-шаралардың жеңілдетілуін осы жылдың 4 қыркүйегінен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарланып жатыр» делінген отырыс қорытындысы жарияланған баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар ведомствоаралық комиссияның шешіміне сай, сенбі күні қоғамдық көліктердің қатынауына рұқсат берілетін болды. Жаңа өзгерістерге сәйес, 28 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысанының жұмыс істеу уақыты да ұзартылмақ.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Алматыда 2020 жылғы наурыздан бері коранавирус пен оның пневмониясын жұқтырғандар саны 141 мыңнан асқан.