Ауғанстандағы тұрақсыздыққа байланысты елден сыртқа қашқан босқындар мәселесі оған көршілес елдер мен аймақтарды алаңдатып отырғаны белгілі. Бұған дейін АҚШ бастаған бірқатар Батыс елдері Ауғанстандық босқындарды виза мәселесі шешілгенге дейін Орталық Азия елдеріне орналастыру туралы өтініштер жасаған болатын. Бұл онсызда аймақтық тұрақсыздықтан секем алып отырған Орта Азияны тіпті де алаңдатқанды.
Ал, шын мәнінде Ауғанстан мәселесін ортақ шешуді былай қойғанда босқындарды елге кіргізу үшін де Орта Азиядағы бес ел қалай да Мәскеудің «батасын алуы» керек секілді. Бір күн бұрын саяси партиялардың бас қосуы кезінде Ресей президенті Владимир Путин Батыс елдерінің бұл әрекетін сынға алды.
Путиннің сөзінше, Ресей Қазақстан арқылы Орта Азия елдерімен шекараласатындықтан босқындарды толық бақылауға алу, елге кіргізбей ұстап тұру қиындық тудырады. Ресей басшысын Қазақстанмен мыңдаған шақырымдарға созылған шекара алаңдатып отыр. Ал, босқындар саны миллиондап саналса бұл Мәскеудің ұйқысын қашыратыны белгілі болды.
Мәлімдемесінде Путин Батыс елдерін қатты сынға алды. «Босқындар үшін виза мәселесін жаратып, ал оны шешіп болғанша Орта Азияға еркін жүре тұрсын деген» өтінішті миға симайтын әңгіме қатарында бағалап отыр.