Кеше кешке қарай "Талибан" ислам қозғалысы ресми мәлімдемесінде Кабулдағы президент сарайын өздеріне қаратқанын мәлімдеген. Осыдан сәл ғана бұрын президент Ашраф Ғанидың елден шығып кеткені туралы ақпараттар тараған еді.
Ауғанстандағы BBC тілшісінің мәліметіне қарағанда, үкімет пен "Талибан" арасындағы келісім бойынша Ашраф Ғани билікті бейбіт түрде өткізіп беру салтанатына қатысуы керек болған. Бірақ, оған қарамастан президент Ғани мен оның жақын көмекшілері елден шығып кеткен. Президент көмекшілері қызметкерлерге сарайдан шығып кету туралы нұсқау берген. Көп өтпей тәліптер "Рейтер" агенттігіне президент сарайын бақылауға алғанын мәлімдеді.
Бұдан он күн бұрын өткен бір кездесуде елден кетіп қалған Ауғанстанның бұрынғы шахы туралы сөз етіп, өзі елден қашпайтынын айтқан еді. Ресей елшілігінен бастап президенттің елден шығып кеткені туралы мәліметтер тарап жатқан тұста Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай әлеуметтік желі арқылы халыққа үндеу жасады.
"Біз еліміздің және астанамыздың жаңа мәселелері жақсы жаққа қарай шешіледі деп үміттенеміз, – деген Карзай сөзінде, – Мен Талибан Ислам қозғалысы күштерін ауғанстандықтардың өмірі мен мал-мүлкіне қамсыздауға шақырамын. Біздің қауіпсіздік күштерін де, "Талибан" қауіпсіздік күштерін де мейлі қай жерде болса да адамдардың өмірі мен мүлкіне көңіл бөлуге шақырамын", – деген үндеуін Карзай "Фейсбу" желісінде видео арқылы жасады. Үш қызымен бірге тұрып жасаған жолдауында ол өзінің Кабулдан кетпегенін, елінің болашағын жарқын болады деп сенетінін де айтқан.
Елдегі НАТО күштерінің ресми мәліметіне сай қазір Кабулдан ұшып шығатын барлып коммерциялық әуе рейстері тоқтатылған. Кабул халықаралық әуежайында тек әскери ұшақтар ғана ұшып қонуда.