Келесі аптада АҚШ пен «Талибан» Дохада келіссөздердің жаңа кезеңін бастайды. Келіссөздің бұл кезеңі екі аптаға жалғасады деп күтілуде. Құрама Штаттар Ауғанстан ісі бойынша арнайы өкіл Томас Уэстті келіссөз делегациясына басшы етіп белгіледі. Осыған байланысты тәліптер мәлімдеме жасап, АҚШ-ты шешілмеген мәселелерге «практикалық қадамдар жасауға» шақырды.
Анығында тәліптер екіжақты мәселелерді шешу үшін АҚШ-тың келіссөздерді қайта бастауын жылы қабылдады. Әрі, Құрама Штаттармен жақсы қарым-қатынас орнатып, мәселелерді шешуге ынталы екенін байқатты. «Талибан» Ауғанстанның БҰҰ-дағы өкілі етіп бекіткен Сухаил Шахин осындай мәлімдемелер жасаған, ол енді АҚШ-ты мәселелерді шешу үшін нақты қадамдар жасауға шақырған.
АҚШ Мем. департаментінің ресми мәлімдемесіне қарағанда, алдағы келіссөзде АҚШ пен тәліптердің өкілдері терроризмге қарсы күрес, гуманитарлық көмек және елдің экономикалық жағдайын талқылайды. Келіссөз тақырыбында америкалық және ауғанстандық азаматтардың елден шығуына мүмкіндік беру мәселелері де бар.
АҚШ пен «Талибан» келіссөз өткізгелі отырған бұл тұста Ауғанстан ауыр әлеуметтік дағдарысты бастап кешіріп отыр. БҰҰ дерегіне сүйенсек, елде 23 млн адам аштыққа ұшыраған, бұл халықтың 60 пайызға жуығы. Ал, жалпы халықтың 95 пайызы азық-түлік жетіспеушілігін көріп отыр.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау