Қазақстандағы ковидтік реанимация жүктемесі 43%-ға және ауруханадағы төсек-орындар 53%-ға толған. Былтырға қарағанда Алматы, Шымкент қалалары және Ақтөбе, Қызылорда облыстарында денсаулық сақтау саласының жүктемесі ауырлаған.
Сәрсенбі күні ОртКом алаңында өткен Денсаулық сақтау министрлігінің дәстүрлі брифингінде министр Алексей Цой ресми баяндамасында кейінгі екі аптада (COVID бойынша) аурушаңдық көбейіп, 80 мың сырқат тіркелгенін мәлімдеді.
Қазір елде отандық медицина жүктемесі екі есеге артып, 90 мыңға жуық адам емделіп жатыр, оның мың шақтысы өкпені жасанды желдету аппаратымен (ИВЛ) тыныстап жатыр. Шілде айының басымен салыстырғанда хәлі ауыр науқастар қатары 2,1 есеге өскен.
Министр Алексей Цойдың айтуынша, кейбір аймақтарда ауруханаларда төсек-орын жетіспеуі мүмкін. Мұндай өңірлер қатарында Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласы бар.
«Бірқатар өңірлерде инфекциялық және реанимациялық төсек-орын тапшылығы болуы мүмкін. Қатер аймағында елорда, Шымкент қалалары және Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда облыстары бар. Осы өңірлерде денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесі артып отыр», – деп нақтылады.
Ол қазіргі кезде аурушаңдық пен өлім-жітімнің 65%-ы астана, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды өңірлеріне тиесілі екенін атады.
Былтыр 13 наурыздан бері COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар қатары 550 мыңға жуықтады, 1 тамыздан былайғы коронавирус пневмониясы 60 мыңнан асты. ДДСҰ дерекқоры мен Ұлттық статистикада Қазақстанда ауырғандар саны 610 мыңға таяды. Дегенмен Үкімет коронавирус пен оның пневмониясын екі бөлек есептейді. Пандемия басталғалы жалпы вирус жұққандардан 11,6 мыңнан аса адам (КВИ+ / U07.1 – 5619, КВИ- / U07.2 – 3660, ілеспе аурулардан – 2367) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінгендерді жалпы статистикаға енгізбейді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді