Бай және кедей елдердің айырмасы коронавирус індетіне қарсы емдеу кезінде де анық байқалып жатыр. Қазіргі таңда әр 30 секунт сайын бір еуропалық вирусқа қарсы вакцияна қабылдап жатса, АҚШ азаматтарының кемінде 60 пайызы емдеудің алғашқы басқышынан өтіп қойды. Ал, ДДСҰ болса биыл да індеттің тебіні күшті болып, былтырғыға қарағанда адам өлімінің көп болып жатқанын ескертті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, Америкалықтардың жартысынан көбі емдеуден өтіп болған тұста, тұтас Африка құрлығында әр 200 адам ішінде не бары екі-ақ адам вакцина алғаны белгілі болды. Вакцинаның жеткізілуі патенттік және өндіру құқығы мәселесі қазіргі таңда әлем елдері арасында күшті талқы тақырыбына айналып отыр.
Аталмыш covid-19 вирусына қарсы вакциналар заңдық қорғалуын қамтамасыз ету үшін оның қатаң патенттік құқығы сақталған. Алайда, осы патенттік құқығы кейбір әлеуметі төмен елдердің вакцинаға қол жеткізуіне шектеу болып отыр. Айталық, Үндістан, Оңтүстік Африка секілді жүзден астам мемлекет патеттік құқықтан бас тарту мақұлдығын сұрап отыр. Себебі, олар азаматтарына қол жетімді бағада вакцина өндіру үшін вакцинаның рецептін ала алмай отыр.
Бұған дейін де әлемде тараған қауіпті індеттер кезінде де кедей мемлекеттер вакцинаға қол жеткізуде осындай қиыншылықтарға тап болғаны бар. Әлеуметі төмен мемлекеттер үшін отандық вакцияна өндіру мен азаматтарына жеткізудің бұдан өзге де қиыншылықтары індетті ертерек еңсеруге қол байлау болып отыр.