«Үлкен жетілік» (G7) Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасына бәсекелес, дамушы мемлекеттердің инфрақұрылымдарын дамыту жобасын қабыл алатын болды. Бұл жобаны АҚШ президенті Жо Байден «Үлкен жетілік» самитінде ұсынды. Байден ұсынған «Жақсырақ әлем құру» (Build Back Better World немесе B3W) жобасы Қытайдың инфрақұрылымдық жобаларына жоғары сападағы алтернатива болады деп күтілуде.
Бұған дейін Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасы көптеген дамушы мемлекеттердің темір жолдарын, авто дәліздерін және порттарын дамытуды қаржыландырып келген. Алайда, жоба кейбір елдерді қарыз қыспағына алғаны үшін сынға алынып келген еді.
Құрама Штаттар Қытайдың дамушы елдердің инфрақұрылымдарын дамыту жобаларын «қарыз дипломатиясы» деп сынап келеді. Бұл жолғы саммиті де Құрама Штаттар тарабы Қытай жаһандық ықпалының өсуіне қарсы тақырыпты көтерудің мүмкіншілігі ретінде қарастырды. Америкалықтар Қытайдың дамушы елдерге миллиардтап қаржы салатын «Бір беддеу, бір жол» жобасын тоқтату керек деп санайды.
Әрине, «Үлкен жетілік» құрамындағы елдер Батыс құндылығы негізінде әлемнің даму бағытын қалыптастырғысы келеді. Бір себебі осы мақсатта Қытайдың инвестицияларының өтеуі жоғары болып жатқанын және Шыңжаңдағы аз санды ұлттардың қысымға ұшырап жатқанын алға тартады.
Батыс елдерінің Қытайға қарсы қадамдары жиілей түсті. Биылдың өзінде АҚШ, Канада, Еуропа Одағы және Британия қосылып Қытайға координацияланған санкция салды. Бұған қоса этникалық азшылықтардың құқығын бұзды деген айыппен Шыңжаң үкіметінің басшыларын санкция тізіміне қосты.
Британ жерінде өтіп жатқан «Үлкен Жетілік» саммитінде алдынғы қатарлы дамыған елдердің лидерлері «құндылықтарға негізделген, жоғары сападағы жаңа дамуды» ұсынуда. Бірақ, бұл жоба «Үлкен Жетілік» жағынан қалай қаржыландырылғалы тұрғаны қазірге белгіс3p7