Солтүстік Еуропада сапарлап жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен бүгін Гренландияға аялдады. Ол Арктика кеңесінің кезекті отырысы аясында Ресей СІМ жетекшісі Сергей Лавровпен бетпе-бет кездесті. Байден мен Путиннің бас дипломаттары алғашқы кездесуін аяқтағанымен, тараптар арасында шиеленіс өз күйінде қала берді. Дегенмен, бұл алдағы уақытта Байден мен Путин арасындағы кездесуге жол ашады деп күтілуде. 

Арктика кеңесі кезекті отырысында климаттың өзгеруі, мұнай мен пластиктен ластанудың алдын алу, биоалуантүрлілік пен жасыл энергияны насихаттау сияқты мәселелер көтерді. Бірақ осы тақырыптарға қарамастан АҚШ пен Ресей дипломаттары бірін-бірі сөзбен атып-қағып, өздерінің мүддесіне иліктіруге тырысты.

Блинкен өз кезегінде Ресейдің Арктикадағы әскери әрекеттерінен алаңдаушылық білдіріп, Мәскеу мұзды мұхитта климаттық мәселелерге көбірек көңіл бөлуі керек деп мәлімдеді. Бұған қарсы Лавров та НАТО күштерінің Балтық жағалауындағы әскери қимылдарынан алаңдап отырғандарын жеткізді.

Қазіргі өңірлік шиеленістердің ушығып тұрғанына қарамастан, Ресей Арктика елдерінің жоғары әскери диалогын қайта қалпына келтіруге тырысады. Бірақ, Уашингтон бұған қарсылығын ашық байқатты. Қатарынан бірнеше жыл Арктика елдері арасында жоғары әскери келіссөздер өтіп, әскери жетекшілер арасында жыл сайын кездесулер өтіп келген. Алайда, 2014 жылы Ресей Қырымды аннекциялап алғаннан кейін бұл үрдіс тоқтап қалған.

Лавров пен Блинкен арасындағы кездесу қоңыржай қалыпта өтті. Екі ел қатынасның қазіргі нашар бейнесіне қарамастан тараптар ашық қайшылықты пікірлерін ішіне іркіп отырды. Тіпіт, Блинкен сөзінде Ресеймен болжаулы әрі тұрақты қарым-қатынас орнатуға дайын екенін де айтты. Кездесудің жалпы климатын екеу арас диалогтан да аңғаруға болады.

Блинкен мен Лавровтың сыпайы сөздерінен (қысқаша): 

Блинкен: "Екі ел арасында қайшылықтардың бар екені шын. Бұған қатысты президент Байден пікірі ашық, ол "Ресей бізге агрессивті әрекет жасаса, біз және біздің одақтастарымыз да соны жасаймыз" деген. Ол бұл сөзді шиеленісті күшейту үшін емес, біздің мүдделерімізді қорғау үшін айтқаны анық.

Солай бол тұрса да, біздің көптеген мәселеде ортақ мүддеміз жетерлік. Біз жаһандік індет, климаттың өзгеруі, ядролық бағдарлама мәселелерінде, сондай-ақ, Иран, Солтүстік Корея және Ауғанстан істерінде ортақ мүдделеріміз бар. Бұл мүдделер бойынша ынтымақтастық әлі де дами береді деп сенеміз", – деді. 

Сондағы Лавровтың айтқан сөзі: «Біздің халықаралық жағдайға, қайшылықты шешу мен қалпына келтіруге қатысты пікірлерімізде үлкен айырмашылықтардың бары рас.  Біздің ұстанымымыз қарапайым – біз барлық мәселелерді талқылауға дайынбыз. Бар болғаны мұны тараптар шын ниетімен, үстел үстінде фактілерді ала отырып, өзара сыйластық тұрғысынан талқылауы керек.  

Біз мүдделеріміз сәйкес келетін салаларда, жанжалды жағдайлар мен стратегиялық тұрақтылықтың маңызды мәселесінде, өзге де оң нәтижеге қол жеткізе алатын салаларда ынтымақтастық жасауымыз керек, 

Не дегенмен, екі елдің СІМ жетекшілері шай деспей, шалкем-шалыс келмей. ортадағы қайшылықтарды мойындай алғашқы кездесулерін аяқтады. Бұдан кейін сарапшылар жақын бірнеше аптада АҚШ президенті Жо Байден мен РФ президенті Владимир Путин арасында кездесу болады деп болжап отыр. Бірақ, кездесу туралы әлі ресми шешім шығарылған жоқ.

“The Qazaq Times”