Қазақстанда эпидахуал әлі де мәз емес. Пандемияның үшінші толқыны басталалы, «қызыл аймақта» 1 миллионнан астам халқы бар ірі қалалар – Алматы мен астананы қоса алғанда, 16 өңірдің 8-і енген. Карантин шектеулері бірде қатаңдатылып, бірде жеңілдейтін Қазақстандағы ахуалға тоқталған DW неміс басылымы ел билігінің пандемиямен күресі «парадоксқа толы» болғандықтан, халықтың үкіметке сенімі азайғанын айтады.
Ресми деректер бойынша, пандемия басталғаннан бері Қазақстанда 256 837 коронавирус инфекциясы және ПТР-тестінің теріс көрсеткіші бар 50 839 коронавирустық пневмония ауруы тіркелген. Сәуірдің бірінші аптасында күніне орта есеппен 1988 инфекция тіркелген, оның ішінде күн сайын 560-тан астам коронавирус инфекциясы Алматыға және 300-і астанаға тиесілі.
Осыған байланысты бүкіл ел бойынша сәуірдің ортасына дейін карантиндік шектеулер енгізілетіні жарияланды. Үйлену тойлары, мерейтойлар, корпоративтер, митингілер мен шерулер сияқты көпшілік серуендер мен іс-шараларға тыйым салынды. Спорт секцияларының, кинотеатрлардың, мұражайлардың, театрлардың, түнгі және компьютерлік клубтардың, сондай-ақ жабық ғимараттардағы фитнес-орталықтар мен аттракциондардың жұмысы да тоқтатылды.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекция диагнозымен ауруханаға жатқызылған науқастардың саны қазіргі уақытта 2020 жылғы маусым-шілдедегі көрсеткіштен жоғары екенін хабарлады. Сол кезде Қазақстанда ауруханаларда орындардың, дәрі-дәрмектер мен оттегі баллондарының жетіспеуінен қайтыс болғандар саны артты.
Бұл жолы барлық облыстық қоғамдық денсаулық басқармаларының ақпараты бойынша, «өткен жылдың қателіктері толығымен ескерілді». Мысалы, Алматы мен астанадағы азаматтық Денсаулық сақтау басқармасына ковидпен ауыратын науқастарға арналған стационарлар орнату үшін әскери госпитальдарды беру тапсырылды. Сондай-ақ, Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды қабылдау үшін ең ірі спорт кешендерінің бірі «Халық-Арена» стадионын қайта жабдықтап, онда 1000 орынға дейін төсек-орын орналастырылатыны хабарланды.
Аса қажет болған жағдайда радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің бөлімшелері әлеуметтік маңызы бар объектілерді дезинфекциялай бастайды.
5 сәуірде Алматыда бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин сауда, ойын-сауық орталықтарының, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының қызметін қайта жандандыруды мақұлдады. Наурыздың ортасынан бастап карантин жеңілдетілгенмен, коронавирус кейстерінің күрт өсуі тіркелді.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес, 6 сәуірге дейін 195 000 адам екпе қабылдаған. Бұл ретте ДенМин бірінші және екінші кезеңде вакцина алған адамдардың санын атаған жоқ. Себебі Қазақстанға қай мемлекеттен вакцина жеткізілетіні әзірге белгісіз.
1 сәуірде Үкімет отырысында Тоқаев Денсаулық сақтау министрі мен Министрлер Кабинетінің басқа мүшелеріне, егер жаппай вакцинацияға қатысты жағдай өзгермесе, «кадрлық өзгерістер» болатынын ескертті. бұған дейін отандық «Qaz covid-in» вакцинасын қабылдауға уәде берген Тоқаев күні кеше ресейлік «Спутник-V» екпесін қабылдады. Бұл да өз кезегінде билікке сенімсіздікті арттыра түскен.
Елде пандемия кезінде дағдарыстың артуын сарапшылар жедел әрі сапалы реакция білдіретін тиімді саяси институттардың болмауы мен жемқор билік саясатымен байланыстырады. Халықтың билікке деген сенімсіздігінің артуы да осыдан дейді сарапшылар.