Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирустың "Йота" штамы анықталғанын хабарлады. Бұл жөнінде ол 21 қыркүйек күні Facebook-тағы парақшасында жазды.
Министрдің мәліметінше, "Йото" штамы елдің 4 өңірінде анықталған. Олар: Қарағандыда - 1, Маңғыстауда - 2, Павлодарда - 1, астана - 1.
"Денсаулық сақтау министрлігі биыл шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирустық инфекцияға генетикалық зерттеу жүргізді. Оның қорытындылары бойынша, Қазақстанда 96 үлгіден штамдар анықталған. (Delta "Үнді штаммы" - 57 (59,4%), Alpha "Британдық" - 24 (25%), "Ухань" коронавирусы - 10 (10,4%) және eta "Нигерия" - 5 (5,2%))" деп жазды министр.
Министрдің жазуынша, "Йота" штамы 2020 жылы желтоқсанда белгілі болған. Ол алғаш рет Нигерия мен Ұлыбританияда анықталған. Оған шалдыққандардың әдетте "британ штамы" сияқты дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болады, дәм және иіс сезу қабілеті жоғалады, аурулары асқынады.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес