Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар тобы «коронавирус Ухань жұқпалы зерттеулер институтының зертханасынан шықты» деген нұсқаны іс жүзінде жоққа шығарды. Сарапшылар SARS-CoV-2 Қытайда тіркеліп, адамдарға жануарлар арқылы жұққан болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Шетелдік сарапшылар «вирустың нақты қайдан шыққанын анықтау қиын, себебі Бейжің тарапынан қатаң бақылау мен құпия көп», дейді.
Халықаралық ғалымдар тобы бүкіл әлемге орны толмас зиян келтірген пандемияның пайда болуы мен таралуының көзін анықтау үшін Уханьға барған болатын. Олар қаладағы негізгі нысандарды аралап, жергілікті ғалымдармен, алғашқы пациенттермен және олардың емдеуші дәрігерлерімен әңгімелескен. Алайда, шетелдік басылымдар ДДҰ зерттеу тобы вирустың нақты қайдан шыққанын анықтай алмады дейді.
Тергеудің алғашқы қорытындыларына арналған арнайы баспасөз мәслихатында сарапшылар бұған дейінгі мәліметтер 2019 жылдың желтоқсанында коронавирустың таралу географиясынан әлдеқайда кең болғанын айтты. Ғалымдардың мәліметінше, сол кезде SARS-CoV-2 Уханьдағы азық-түлік базарынан тарағандықтан, қазір пандемияның эпицентріне айналған.
Қытай билігі Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетеміз деп сендіргенмен, күмән көп. Себебі Бейжің 2,1 миллион адамның өмірін қиған вирустың пайда болуын зерттегісі келген халықаралық топтың ұсынысын наразы күйде қабылдаған. Халықаралық ғалымдар тобына қойған талаптары үшін және түрлі болжамды алға тартып, айыптан жалтаруға тырысқаны үшін де Қытай сынға ұшырады.
Ухань вирусология институты 2003 жылы Қытайдан көптеген елдерге таралған SARS пандемиясынан бері жарқанаттар коронавирустарының генетикалық үлгілерінің кең мұрағатын сақтап отыр. Ал Уханньің жаңа бөлігінде орналасқан Хуанань теңіз өнімдері базарында тірі құстардан бастап балық, бауырымен жорғалаушылар, тіптен жабайы аңдарға дейін сатылған. Бірақ 2019 жылы желтоқсанның соңғы апталарында вирустың өршуі туралы ескертулер күшейген кезде дәрігерлер алдымен жаңа заңдылыққа назар аударды – пациенттердің көпшілігі Хуанандағы теңіз өнімдері базарында жұмыс істеген. 31 желтоқсанда Ухань Денсаулық сақтау комиссиясы Бейжіңге алғашқы ресми есепті ұсынды. Келесі күні базар карантинге жабылды.
Базардағы адамдардан да, тірі жануарлардан да алынған COVID-19 сынамалары оң нәтиже бергенін ескеруіміз керек. Алайда Уханьдағы медицина мамандарының айтуынша, адамдар арасында коронавирустың ең бірінші жағдайы індет толық тарамай тұрып төрт апта бұрын анықталған. Қытай үкіметі ресми мәлімет ретінде ұсынған алғашқы дерек 1 желтоқсанда тіркелген.