Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына елдегі коронавирустың алғашқы жағдайлары туралы мәліметтерді беруден бас тартты. Бұл туралы жұмада The Wall Street Journal хабарлады.
Австралиялық ғалым Доминик Дуайер газетке 2019 жылдың желтоқсанында анықталған 174 кейсті Бейжіңнің жасырын ұстап отырғанын айтты.Бастапқы деректерді ұсынудан бас тарту – ДДСҰ тарапынан күмәнді арттырған.
Халықаралық ғалымдар тобы бүкіл әлемге орны толмас зиян келтірген пандемияның пайда болуы мен таралуының көзін анықтау үшін Уханьға барған болатын. Олар қаладағы негізгі нысандарды аралап, жергілікті ғалымдармен, алғашқы пациенттермен және олардың емдеуші дәрігерлерімен әңгімелескен. Алайда, шетелдік басылымдар ДДҰ зерттеу тобы вирустың нақты қайдан шыққанын анықтай алмады дейді.
Қытай билігі Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетеміз деп сендіргенмен, күмән көп. Себебі Бейжің 2,1 миллион адамның өмірін қиған вирустың пайда болуын зерттегісі келген халықаралық топтың ұсынысын наразы күйде қабылдаған. Халықаралық ғалымдар тобына қойған талаптары үшін және түрлі болжамды алға тартып, айыптан жалтаруға тырысқаны үшін де Қытай сынға ұшырады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел